«Салтанат шалбарын шешіп, унитазға басымен өзі соғылды» – Бишімбаев
Мен не істерімді білмедім, не айтарымды да білмей қалдым.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотта берген жауабында Салтанат Нүкенова алдымен дәретханаға, сосын жерге құлап түскенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бишімбаев «Салтанатты ұрған жоқпын, ол дәретханаға өзі құлап түсті» деген пайымын жария етті. Бұған дейін ол сотта қылмыс болған мейрамхананың сызбасын көрсетіп, дәретханадағы оқиғаны баяндауды сұраған. Судья Бишімбаев пен қорғаушыларының бұл өтінішін қанағаттандырды.
«Дәретханада отырып сырғасын, жүзігін, сағатын, білезігін шеше бастады. Бәрін шешіп алды да унитазға лақтырып жіберді. Мен тілім байланып қалды. Оның бәрін суға ағызып жіберді», - деген Бишімбаев ол сыйлықтардың бәрін қай уақытта сыйлағанын айтып берді.
«Мен не істерімді білмедім. Ішетін бірнәрсе алып келейін дедім. Өйткені, не айтарымды да білмей қалдым. "Әрине, барып ішімдік алып кел" деді. Жұмысшылардан оттағыш сұрадым. Туалетке келсем ол есікті жауып алыпты. Ол айқайлап жатты, өзін өзі ұрып жатқандай дыбыс естідім. Мен есікті жұдырықпен ұра бастадым. Сосын мені боқтай бастады», - деген ол Нүкенова дәретханаға өзі құлап қалғанын айтты.
«Мен штатифті алып, есікті бұздым. Есік сынып қалды. Ол мені боқтады, сенің кесірінен бәрін дәретханаға ағыздым деді. Мен де айқайладым. Ол маған жұдырық ала жүгіріп, менің жейдемді жыртты. Мен оны қолынан ұстап, итеріп жібердім, жерге құлап түсті. Оның киімін жырттым. Ол сосын оны шешіп лақтыра бастады. Жейдені менің бетіме лақтырды. Мен оның бетінен бірнеше рет ұрдым. Шалбарын шеше бастады. Дәретханаға қарап тұрды. Мен белбеуін жібере салған ем, шалбары шешіліп қалды. Ол осылайша дәретханаға бетімен құлап түсті. Сосын жерге құлады. Ол он-он бес минуттай жерде жатты. Шалбары шешіліп жатты», - деген Бишімбаев Салтанат осылайша бірнеше рет жерге құлап, өзін өзі жарақаттады деді.
Сіздің реакцияңыз қандай?