Сара Назарбаева негізін қалаған институт мемлекет еншісіне өтті
«Өркен» балалардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялары мен үлестері республикалық меншікке берілген акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізіміне енгізілді.
Үкіметтің қаулысына сәйкес, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева негізін қалаған институт мемлекет еншісіне өтті. Соңғы екі жылда бұл мекеме бағытын өзгертіп, ребрендинг жүргізіп, «Өркен» ұлттық ғылыми-эксперименттік балалар денсаулығы институты болып өзгертілді.
2021 жылы Сара Назарбаева құрған «Бөбек» қорының жанынан ашылған институт бастапқыда «Өзін-өзі тану» бағдарламасы арқылы адам әлеуетін дамыту жұмыстарымен айналысқан. 2022 жылы бұл бағдарлама Қазақстанда жұмысын тоқтатты.
Қазір «Өркен» балалардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты қазақстандық балалардың әл-ауқат деңгейін ЭЫДҰ мүше елдерінің стандарттарына дейін көтерумен айналысады.
orda.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?