«Саран» шахтасында тағы апат: зардап шеккендер бар
Оқиға 14 қазанда болған.
Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында тау-кен массасы құлады. Шахта «АрселлорМиттал Теміртаудың» атышулы Qarmet компаниясына тиесілі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға дүйсенбі күні кешке болды, зардап шеккендер бар. Мәліметтерге сәйкес, комбайн корпусынан арқалықты түсіру кезінде тау жыныстарының кесегі кеншіге құлаған. Салдарынан бір адам зардап шекті. Жұмысшылар оқиға туралы шахта диспетчеріне хабарлаған. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді, кенші шахтаның бетіне шығарылды. Шахтадан шыққаннан кейін тағы екі кенші денсаулығына байланысты жүгінген. Барлық кеншілер Қарағандыдағы Мақажанов атындағы емханаға жеткізілді.
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің денсаулық жағдайы туралы хабарлады.
«Екеуі – амбулаториялық-емханалық емдеуде, біреуі – ауруханада, жағдайлары ауыр, барлық қажетті медициналық емдеуді алады», - деп жауап берді Azattyq Rýhy редакциясының сұрауына.
Сіздің реакцияңыз қандай?