«Сасық әңгімеге қызымды араластырдыңдар!»: Еркеш Хасен «отбасын тастап, басқа әйелге үйленді» дегендерге жауап берді

Ақпан 22, 2026 - 17:28
 0  97
«Сасық әңгімеге қызымды араластырдыңдар!»: Еркеш Хасен «отбасын тастап, басқа әйелге үйленді» дегендерге жауап берді
фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Еркеш Хасен әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған әңгімелерге байланысты мәлімдеме жасап, қызына араша түсті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Өнер иесі ұзақ уақыт бойы көпшіліктің түрлі жаласын елемей келгенін, алайда бұл жолы кінәсіз баласының аты аталған соң үнсіз қалуды жөн көрмегенін жеткізді.

«Көптен бері ел аузындағы негізсіз сөздерді жұтып келдім. Бірақ бұл жолы кінәсіз баламды араластырғандарыңыз үшін жазып отырмын. Бір білетіндеріңіз – мен қызымды ешқашан тастаған емеспін, тастамаймын да. Соңғы демім қалғанша қамқор боламын. Камера алдында, отбасым жайлы бөтен адамдарға есеп беріп отыруға міндетті емеспін. Менің қызымды да, оған деген махаббаттан туған әнімді де ешкім тартып ала алмайды», – деп жазды ол.

Сонымен қатар әнші жеке өмірін жұрт алдына шығарып, жария талқылауға салуды қаламайтынын атап өтті.

«Ешкім ажырасу үшін үйленбейді. Ел үйренген сценарий бойынша бір журналистпен отырып, барлығын ақтаруым керек шығар. Бірақ мен бір кездері бірге бақытты күндер өткізген адамды көпшілікке әңгіме етпеймін. Арамызда болған жайтты Алла мен екеуміз ғана білеміз. Осы жерден нүкте қояйық», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0