Сауле Рысбаева: Құрылтай сайлауы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі

Шілде 31, 2026 - 12:42
chat_bubble  0 visibility  3
Сауле Рысбаева: Құрылтай сайлауы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі
Фото: liter.kz

Құрылтай сайлауы елдің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қоғамдық-саяси науқан. Бұл үдерісте азаматтардың саяси белсенділігі, құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігі ерекше мәнге ие. Осыған орай Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының доценті, саяси ғылымдар кандидаты Сауле Рысбаева Конституцияның қоғамдағы орны мен Құрылтай сайлауының маңызына қатысты өз көзқарасын ортаға салды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Сарапшының айтуынша, жаңа Конституция елдіңсаяси дамуына тың серпін беріп, Құрылтайинститутының қалыптасуына берік құқықтық негіз қалады.

«Тәуелсіз еліміздің жаңа Конституциясы күшіне енді. Жаңа Ата Заңбүкіл халықтың тікелей еркімен қабылданған жаңа дәуірдің жаршысы, әділетті қоғамның берік құқықтық тұғыры.

Алда еліміздің саяси өміріндегі маңызды тарихи оқиғаҚұрылтай сайлауы өтеді. Жаңа саяси модельді қалыптастыруда, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы реформаларды жалғастыруда заң мен тәртіп, құқықтық мемлекет қағидаттары ерекше маңызға ие.

Алдағы сайлау барысында қоғамда саяси инклюзивтілікке, саяси плюрализмге, саяси мәдениетке және азаматтық жауапкершілікке басымдық берілуі тиіс. Бұл тарихи оқиғаға әрбір қазақстандық бейжай қарамауы керек. Қоғамның саяси сауаты артқан сайын елдің болашағы да айқындала түседі. Бұл сайлауға азаматтардың белсенді қатысатынына сенімдімін», деді Сәуле Рысбаева.

Сәуле Рысбаеваның пікірінше, Құрылтай халықтың шынайы өкілдігін қамтамасыз етіп, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтатын маңызды институт болуы тиіс.

«Құқықтық мемлекетті одан әрі жетілдіруортақ міндетіміз. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өз құқықтары мен міндеттерін терең білуі қажет.

Құрылтай жай ғана заң шығарушы орган болып қалмайды. Ол халықтың шынайы өкілдігін қамтамасыз ететін жауапкершілік алаңы болуы тиіс. Конституцияның Құрылтайдың қалыптасуымен қызметіне арналған нормалары осы институттың маңызын айқындайды. Құрылтай халық пен билік арасындағы сенімді нығайтатын, қоғамның мүддесін білдіретін, ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауда азаматтардың пікірінескеретін саяси көпірге айналуы қажет.

Қоғам түбегейлі жаңару кезеңінде тұр. Елде болып жатқан саяси өзгерістердің барлығы мемлекетіміздің дамуына, экономиканың тұрақтануына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуына бағытталған», деді ол.

Сөз соңында сарапшы Конституциялық құндылықтарды нығайту, құқықтық және экологиялық мәдениетті дамыту елдің орнықты дамуының негізгі алғышарттарының бірі екенін атап өтті.

«Конституциялық құндылықтарды нығайту қоғамның құқықтық мәдениетін көтереді. Ал құқықтық мәдениеттің жоғары болуы қоғамдық сананың да жоғары деңгейде қалыптасуына ықпал етеді.

Қоғамдық сананың заң мен тәртіп қағидаттарына негізделе отырып дамуы және Конституция құндылықтарының қоғамдық өмірде орнығуы құқықтық мемлекеттің тиімді қызмет етуінің, әрбір азаматтың және жалпы қоғамның өркендеуінің басты кепілі», деді Сәуле Рысбаева.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0