Сайрам су өзенінен жүкті әйелдің мәйіті табылды

Марқұм табиғат аясына отбасымен бірге демалуға барған екен

Шілде 4, 2025 - 16:32
chat_bubble  0 visibility  41
Сайрам су өзенінен жүкті әйелдің мәйіті табылды
Фото: ғаламтордан

Түркістан облысындағы Сайрамсу өзенінен 27 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейресми ақпараттарда келіншектің жүкті екені де айтылып жатыр. Қайғылы оқиға 29 маусымда болған екен. Оның денесін құтқарушылар 3 күннен кейін тауыпты.

Айта кету керек, мұнымен жыл басталғалы өңірде суға батып, қайтыс болғандар саны 39-ға жетті.  

«Сайрам-Өгем» ұлттық-табиғи паркінің аумағында орман шаруашылығы қызметкерлері және туыстары белгісіз жағдайда суға құлаған. 1998 жылы туған Г. есімді азматшаның денесін ТЖД қызметкерлері жағаға алып шықты. Жалпы 8 жеке құрам, 2 техника мен 1 эхолот жұмылдырылып, жағаға мәйіт шығарылды», – деді Түркістан облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Ақарыс Омар.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0