Семейде шырша безендіріп жатып құлаған мұғалім есін жиды

Желтоқсан 25, 2024 - 11:21
Желтоқсан 25, 2024 - 11:41
Семейде шырша безендіріп жатып құлаған мұғалім есін жиды

Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде зардап шеккен Қуат Айтқалиев есімді мұғалімнің жағдайы жақсы. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департамент директоры Гүлнар Сәрсенбаева айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда науқастың жағдайы жақсы. Жарақат алған күні операция жасалған. Қазір науқас есін жиды. Науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Одан кейін реабилитация жасап, қалыпты өмірге оралуына жағдай жасаймыз, - дейді Гүлнар Сәрсенбаева.

Айта кетейік, Семей қаласында орталық алаңда шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев биіктен құлап, ауыр жарақат алды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогты жұмысқа тартуды заң бұзушылық деп атады.

Тағы оқыңыз: «Бас сүйегі сынған»: Семейде әкімдіктің шыршасын безендіріп жүріп жарақат алған мұғалімнің әйелі сұхбат берді (ВИДЕО)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow