Семейде сәбиді қоқыс жәшігіне салып, өртеп жіберген
Оның дүниеге келгеніне шамамен небәрі 1 күн болған
Семейде шағын аудандардың бірінде жанып жатқан қоқыс жәшігінен нәресте табылды.
Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы oo_osa_semey__vko парашасына жарияланды. Ондағы мәліметке сүйенсек, шақалақ шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда одан кейін балалар омбудсмені Динара Зәкиева нәрестенің жансақтау бөлімінде көз жұмғанын мәлім етті.
«Қыз бала сағат 19:40-та қайтыс болды. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Бала құқығы жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі және облыс прокуратурасымен байланыста отырмын», - деп жазды Динара Зәкиева өзінің Instagram-дағы парақшасына.
Бұл ретте нәрестенің дүниеге келгеніне шамамен небәрі 1 күн болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?