Семейдегі сталкинг оқиғасы: Аңдыған қыз психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Қаңтар 30, 2026 - 17:20
Қаңтар 30, 2026 - 18:02
 0  1
Семейдегі сталкинг оқиғасы: Аңдыған қыз психиатриялық ауруханаға жатқызылды
Фото: әлеуметтік желілерден алынған

Семейде бойжеткенді үйіне дейін аңдып, мазасын алған әйелге қатысты іс жаңа деректермен толықты. Жәбірленуші өзінің TikTok парақшасында аңдушы әйелдің психиатриялық ауруханаға жатқызылғанын хабарладыБойжеткеннің айтуынша, бұл оқиғаның нүктесі осымен қойылды, деп мәлімдейді Sadaq.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтар күні орын алған оқиға бойынша, бойжеткенді аңдып, «Соқыр болғың келе ме?» деп қорқытқан әйелге бұған дейін 85 мың теңгеге айыппұл салынған болатын.

Жәбірленуші өз видеосында бұл оқиғаның өзіне қаншалықты ауыр тигенін ашық жеткізді. «Мен оның түрмеге отырғанын қаламадым, маған тек менен алшақ жүргені керек. Енді ауруханадан шыққаннан кейін маған жақындамауы үшін арақашықтықты сақтау туралы арыз жазамын», — деді ол. Сондай-ақ, бойжеткен бұл оқиғаны «хайп» деп санағандарға жауап беріп, ешқандай материалдық өтемақы сұрамайтынын және адвокат та жалдамағанын атап өтті.

Бойжеткен қазіргі уақытта психологиялық шок алғанын және үнемі үрей үстінде жүретінін айтты. «Мен қазір әр 5 минут сайын анама қай жерде екенімді айтып отырамын. Маған психологтың көмегі қажет», — деп бөлісті ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0