«Сендерді жек көремін»: қызметкерлерін балағаттаған Жамбыл полициясының бастығы қызметінен кетті

Видеоның таралуына байланысты Ішкі істер министрінің тапсырмасымен қызметтік тексеріс тағайындалды.

Тамыз 1, 2024 - 12:38
Тамыз 1, 2024 - 12:39
«Сендерді жек көремін»: қызметкерлерін балағаттаған Жамбыл полициясының бастығы қызметінен кетті
Фото: Жамбыл облысының Полиция департаменті

Жамбыл облысының полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзинге қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облысының полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің қол астындағы қызметкерлеріне ұрысып, бейәдеп сөздер айтқан видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын, деп жазады Qaz365.kz.

Видеода Арманбек Баймурзин жиналыс кезінде үстелді бір қойып, қызметкерлерін балағаттап, «Сендерді жек көремін. Бұл жерден жоғал» деген сөздерді айтқаны байқалады.

Осы видеоның таралуына байланысты Ішкі істер министрінің тапсырмасымен қызметтік тексеріс тағайындалды.

«Министрлік өкілдері мен ІІМ ішкі қауіпсіздік қызметінің мамандары өңірге жіберілді. Қызметтік тексеріс жүргізу кезеңінде Арманбек Баймурзин қызметінен шеттетілді», - делінген ІІМ хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow