Шахтинск қаласында автобус жүргізушісі мен жолаушы төбелесті

Мамыр 15, 2026 - 16:02
chat_bubble  0 visibility  1
Шахтинск қаласында автобус жүргізушісі мен жолаушы төбелесті
Фото: Видеодан скрин

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында автобус жүргізушісі мен жолаушы төбелесіп қалған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Шахтинск қаласындағы аялдамалардың бірінде қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал тіркелген бейнежазбаны анықтаған. Жанжал қоғамдық көліктің жүру бағытына байланысты туындаған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оқиғаның барлық қатысушысы – автобус жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ауызша жанжалға қоғамдық көліктің жүру бағытына байланысты туындаған түсініспеушілік себеп болып, соңы төбелеске ұласқан.

«Аталған факті бойынша жолаушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, өзара құрмет көрсетуге және даулы жағдайларды тек құқықтық аяда шешуге шақырады», – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0