Щучинскте мектеп аумағында жарылыс болды

Желтоқсан 29, 2025 - 16:55
 0  15
Щучинскте мектеп аумағында жарылыс болды
Фото: Видеодан кадр

Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында орта мектеп аумағында қазандық жарылып, артынан өрт шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында көлемі 10 текше метрден екі жанармай резервуарын сақтап қалуға және өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеуге мүмкіндік туды», – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

ТЖД өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу керектігін еске салды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0