«Шектен шықты»: Қазақ тілін мазақ қылған Черчесовке айыппұл салынды

Ол Ұлттық лигасы ойынынан кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде қазақ тіліне сөз тигізіп, әзілдеген сөздері үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Қазан 17, 2024 - 10:02
Қазан 17, 2024 - 11:02
«Шектен шықты»: Қазақ тілін мазақ қылған Черчесовке айыппұл салынды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов осымен бірнеше рет қазақ тіліне сөз тигізіп, халықтың наразылығын тудырып келеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тілін таптағаны үшін айыппұл салды. Ол Ұлттық лигасы ойынынан кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде қазақ тіліне сөз тигізіп, әзілдеген сөздері үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды. Ол 738 мың теңге.

Журналистердің бірі Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған. Бапкер журналистің француздық «Пари Сен-Жермен» клубының формасын кигенін байқап: «Сіз қазір французша сөйлеп тұрсыз ба?» – деп жауап берді Черчесов.

Турзим және спорт министрлігі аталмыш оқиғаға қатысты федерациядан түсініктеме талап етті. Федерацияның жауабында, Черчесовтыі қазақ тілі мен оның мәдениетіне аса құрметпен қарайтыны жазылған, және мәслихаттағы оның іс-әрекеті тек «әзіл» болған екен.

«Черчесовтың әзілі, әрине, шектен шығады. Онымен жеке сөйлесіп, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдығын түсіндірдім. Онымен әңгімелесіп, жұмыс істедік. Оған айыппұл салынды», — деді федерация басшысы Әділет Барменқұлов.

Белгілі болғандай, бапкер қазақ тілінің курстарына жазылған екен. Алайда осы уақытқа дейін тек бір сабағына қатысып үлгеріпті. Федерацияның айтуынша, жаттықтырушы бар уақытын футболға арнайды, сондықтан қазақ тіліне уақыт бөле алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас бапкері болғалы бері тек жеңілумен келеді. Осымен үшінші рет өткен кездесуде, Қазақстан Словения құрамасынан оңбай жеңіліс тапты.

«Жылына 635 628 550 теңге жалақы алатын адамға 740 мың теңге деген не тәйірі. Тіпті, соны федерацияның бюджетінен төлей салған шығар, құдай біледі… Торайша шыңғыртып тұрып, 15 тәулікке жауып тастамай ма? Ұлттық құрама бұл тақырбас болса да, болмаса да ұтыла береді ғой, сірә…», — деп шүйлікті Алмас Алтай.

Қазақтың тілінің, тапталған намысының құны 738 мың теңге екен…

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow