Жасөспірім Шерзат Болатты өлтіру ісі жақын күндері сотқа жолдануы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Шерзат ісі қазір прокуратурада зерделеніп жатыр. Осы аптада сотқа жіберіледі деп күтіп отырмыз. Бұл енді соттың құзыретінде. Бас сот талқылауын жүргізетін судья тағайындалады. Кейінірек, менің ойымша, соттың өзі түсініктеме бергені дұрыс болады, – деді Санжар Әділов.
Айта кетсек, аталмыш қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған болатын.