Шерзат Полат ісі: сотталғандар шу шығарды

Сәуір 7, 2026 - 12:41
chat_bubble  0 visibility  9
Шерзат Полат ісі: сотталғандар шу шығарды
Фото: Stan.kz

Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар өздеріне шығарылған үкіммен келіспей, ақтауды сұрап Жоғарғы сотқа шағым жолдады. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев желіде бұл хабармен бөлісті. Айтуынша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов өздерін толық ақтауды талап етіп отыр.

“Бұл кассациялық шағымды қазір ғана алуға мүмкіндік туды. Ал сот ертеңге тағайындалған екен. Сондықтан құрметті достар бізді қолдап отырыңыздар. Атап айтқанда, 15 жылға сотталған Тоқтаубаев Азамат, 7 жылға сотталған Дидар Қалиахмет ақтауды сұрап отыр. Бізді қолдап кетіңіздер, әділдік әрдайым биікте болсын!” – деді ол. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0