Шетелдегі қазақ диаспорасының 288 баласы«Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Атамекен» атты халықаралық балалар құрылтайына қатысады

Шілде 7, 2026 - 18:07
chat_bubble  0 visibility  2
Шетелдегі қазақ диаспорасының 288 баласы«Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Атамекен» атты халықаралық балалар құрылтайына қатысады
Фото: Pixabay

2026 жылғы 7–21 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ұйымдастыруымен «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында«Атамекен» атты халықаралық балалар құрылтайы өтеді, деп жазады Sadaq.kz.

Құрылтай аясында шетелдегі қазақ диаспорасынан келген 288 бала «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып, мәдени-танымдық және тәрбиелік бағдарламаларға қатысады.

Іс-шараның басты мақсаты – әлемнің әр түкпірінде өмір сүріп жатқан қазақ балаларының тарихи Отанымен байланысын нығайту, олардың ұлттық болмысын, ана тілін, салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Құрылтай бағдарламасы балалардың жан-жақты дамуына бағытталған. Қатысушылар қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасымен танысып, ұлттық ойындар, қолөнер және өнер сабақтарына қатысады. Сонымен қатар спорттық жарыстарда бақ сынап, шығармашылық кездесулер мен танымдық экскурсияларға қатысады. Бұл шаралар олардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, Қазақстанның әр өңірінен келген құрдастарымен достық байланыс орнатуына мүмкіндік береді.

2026 жылғы құрылтайға қатысатын балалардың елдер бойынша құрамы:
• Моңғолия – 70 бала;
• Қытай – 60 бала;
• Өзбекстан – 50 бала;
• Ресей – 45 бала;
• Қырғызстан – 35 бала;
• Түрікменстан – 15 бала;
• Түркия – 4 бала;
• Ауғанстан – 3 бала;
• Иран – 3 бала;
• Тәжікстан – 2 бала;
• Еуропа елдері – 1 бала.

Барлығы – 288 бала.
 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жыл сайын шетелдегі этникалық қазақ балаларынаарнайы квота бөліп, олардың тарихи Отанында демалуына, білімін толықтыруына және ұлттықсанасын дамытуына жағдай жасап келеді. Ал Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы балаларды іріктеу, құжаттарын рәсімдеу, сапарын ұйымдастыру және құрылтай бағдарламасын үйлестіружұмыстарын жүзеге асырады.

«Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтетін «Атамекен»атты халықаралық балалар құрылтайы шетелдегі қазақ балаларының ұлттық бірегейлігін сақтауға, Қазақстанмен рухани байланысын тереңдетуге және әлем қазақтарының тұтастығын нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық жоба ретінде өз миссиясын жалғастыра береді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0