«Шетелдік суретшілер»: LRT вагондарына сурет салып кеткендердің кім екені анықталды

Маусым 27, 2025 - 11:33
Маусым 27, 2025 - 11:35
«Шетелдік суретшілер»: LRT вагондарына сурет салып кеткендердің кім екені анықталды
Фото: Видеодан кадр

Астанадағы LRT вагондарына бояумен сурет салып елдің ашуына тигендер анықталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ

Суретті салып кеткен шетелдік суретшілер болып шықты.

Астанадағы граффити қауымдастығының өкілдері LRT вагонындағы граффити авторлары германиялық суретшілер екенін айтты. Сөздерінше, олар елдеріне қайтып кеткен болуы мүмкін.

"Неге LRT? Меніңше, олар үшін бұл жаңа нәрсені жасап көруге түрткі болғанына сенімдімін. Мақсаты – дәл осындай нысанда алғашқылардың бірі болып із қалдыру еді. Олар өз әрекеттері үшін қатаң жазаға тартылатынын жақсы білді. Бірақ сол тәуекел оларға ерекше жігер, өткірлік берген сынды" – деді қауымдастық өкілі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow