Шейх Осман Тоһәнің қазақ екені рас па?

Мамыр 27, 2024 - 12:51
Мамыр 27, 2024 - 12:51
Шейх Осман Тоһәнің қазақ екені рас па?

Әлемге танымал саудиялық каллиграф, шейх Осман Тоһә Қазақстанға келді. Желіде шейхпен кездескен жұрт оның қолын сүйіп жатқан видеосы тарады. Бұл кісі кім және оның қазаққа қандай қатысы бар? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. 

Құранды қолмен 3 жыл бойы жазған Шейх Осман Тоһә қазақ екені рас па? 

«Құрандағы Аяттардың санын ол өз қолымен жазған. Бәрі - осы кісінің еңбегі. Бұл кісінің дәрежесіне жеткен адам жоқ. Өткенде Меккеде Айт күні аль-Харам мешітің директоры бұл кісіні үйге шақырды. Сонда барлық имам бұл кісінің қолын сүюге кезекке тұрды. Сол кезде шейх бұл кісінің мүбәрәк қолын 4 рет сүйіп, «Осман Тоһә - Құранға қолы қалған адам, Құран қанша рет оқылса, соның сауабы осы кісіге барады, сондықтан оның қолын сүйіп қалу керек» деген. Сондықтан қазақ атамыздың қолын ұстап, сүйіп жатырмыз. Сауд Арабияның туындағы жазуды да жазған», - дейді философия ғылымдарының докторы Амангелді Әбдіхалық. 

Ислам әлемінде Осман Тоһә Құран Кәрімнің әйгілі каллиграф ретінде танымал. Ол өзінің алғашқы мусхафын (Құранның жазбаша нұсқасын - еск.) 1970 жылы Сириядағы Вакф министрлігі кезінде жазған.

Шейх 1934 жылы Әл-Баб провинциясында (Алеппо, Сирия - еск.) дүниеге келген. Оның әкесі шейх Абдо ибн Хусейн Тоһә мешіттің имамы әрі уағызшысы болған. Каллиграфқа бұл шеберлік әкесіне дарыған. 

Осман Тоһә - этникалық қазақ, оның ата-тегі Түркістаннан. Османның ата-бабалары осыдан 150 жыл бұрын Сирияға қоныс аударған. Кейіннен Сауд Арабиясы билігінің шақыруымен Османның отбасы Сауд Арабиясына көшіп кеткен, қазір ол Мәдина қаласында тұрады. 

Ашық дереккөздегі мәлімет бойынша, ол Алеппо қаласындағы бастауыш, орта және орта мектепте әл-Хосравияның шариғат факультетінде оқыған. Осы кезеңде ол Алеппо қаласындағы каллиграфия шейхтарынан, соның ішінде: Мұхаммед Әли әл-Мәулауи, Мұхаммед әл-Хатиб, Хусейн Хусни ат-Түрки, Абдулла Джавад әл-Хаттат және ең соңында каллиграф Ибрахим әл-Рифаиден дәріс алды.

1964 жылы Дамаск университетінде ислам құқығы бакалавры дәрежесін алып, 1965 жылы Дамаск университетінің білім факультетінің жалпы дипломын алды. 

Мусхаф жазу өнері 

Қазір аса құрметті Осман Тоһә Сауд Арабиясының королі Фахд кешеніне Құран Кәрімнің 14 данасын жеке өзі көшіріп жазған, оны жазуға 18 жылдан аса уақыт кеткен.

Осы кезеңде дүние жүзінде 500 миллионнан аса Құран данасы басылып шықты.

Бір мусхаф жазуға 3 жыл, ал қателерді тексеріп, түзетуге 1 жыл уақыт беріледі. Шейх Осман Тоһә Мединадағы Король Фахд кешенінде 30 жыл жұмыс істеген уақытында 10-нан аса мусхаф жазған. Оның әдемі, түсінікті, оқуға оңай стилі көшірме жасау үшін қолданылады және «Мусхаф әт-Тәжуид» деген атпен белгілі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow