«Шыдап өлсең, шахид болып өлесің»: Радикалдың әйелі жан сырын ақтарды

Күйеуім болғаннан кейін айтқанынан шықпау керек, қарсы шығуға болмайды дегенді миыма кіргізіп тастаған ғой.

Сәуір 3, 2024 - 15:19
«Шыдап өлсең, шахид болып өлесің»: Радикалдың әйелі жан сырын ақтарды
Фото: видеодан кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитет "Тамұқ" деректі фильмін жария етті. Фильмде сотталған радикалдың әйелі жан сырын ақтарған, - деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Massaget.kz - ке сілтеме жасап.

Әйел адам көп қиындық көргенін айтады. 

"Пәтерде қаламыз, бізді тастап кететін (күйеуі). Аш қаламыз ба, пәтер төленіп жатыр ма - қарамайтын", - дейді әйел адам. 

Радикалдың әйелінің сөзінше, ең алдымен күйеуі хиджаб кигізген.

"Одан кейін намазға жығылдым. Үшкүндіктерге алып шығып жүрді. Әр жексенбі сайын әйелдер жиналып, мастурат жамағатқа барып, кітап оқыдық. Мені толық паранжа кигізіп алып келді. Сұмдық суық болды, жерде жаттық. Қатты ауырып жүрдім, сөйлеуге де шамам келмеді. Мені сонда да алып кетті. "Қайтайықшы, мен балаларымды сағындым, мына жерде өліп кетсем әке-шешемді де көре алмаймын" дедім. "Жоқ, шыдап өлсең шахид болып өлесің" деді. Күйеуім болғаннан кейін айтқанынан шықпау керек, қарсы шығуға болмайды дегенді миыма кіргізіп тастаған ғой. Олар аяқкиімін де шешпейді, жатады, қол-басын жуып береміз, жанатқа сол кезде кіресің деген", - дейді әйел адам. 

Әйел адамның сөзінше, күйеуі "егер жәннатқа кіргің келсе қиындықтың бәріне көнуің керек" деген.

"10 әйел алсам да қасымда жүруің керек" деді. Мені өлімше етіп ұрып, жансақтаудан бірақ шыққан кезім де болды. Оған да көндім. "Шыдай алмаймын, бұл сенің маған істеген мазағың" дедім. Телефонды тартып алды, теледидар да көрсетпей "кітап, намаз оқы, екі баланы соған үйрет" деді. Бір жыл солай отырдым. Далаға да шықпадым, балконның да терезесін қағып тастады", - дейді әйел адам. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow