Шілдеде ел аумағында ауа райы қандай болады

Ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі.

Шілде 1, 2024 - 14:20
Шілде 1, 2024 - 14:34
Шілдеде ел аумағында ауа райы қандай болады
Фото: Liter.kz/Радмир Фахрутдинов

Синоптиктер шілдеге ауа райы болжамын жариялады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, шілденің алғашқы он күнінде республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, солтүстік-батыста, солтүстікте және елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай ойнайды және қатты жел соғады.

Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында түнде + 10+15°С дейін, күндіз +18+28°С дейін;

Республиканың орталығында түнде +10+18°С дейін, күндіз +22+28°С дейін;

Оңтүстік-шығыста түнде +15+20°С дейін, күндіз +22+30°С дейін;

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде температура түнде +12+17°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +27+32°С-тан +35+43°С-қа жоғарылайды. 

Алғашқы он күннің соңында және екінші онкүндіктің басында республиканың басым бөлігіне күн ыстық болады.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде шілденің ыстығы сәл басылып, салқын болады, найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады әрі қатты жел және шаңды дауыл соғады, - деп жазылған хабарламада.

Ауа температурасының ауытқуы болжанады:

Еліміздің батысында түнде +15+22°С-тан +19+25°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +33+38°С-қа дейін; Солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +7+17°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +17+27°С-тан +30+37°С-қа дейін; Оңтүстікте және оңтүстік-батыста түнде +14+23°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +30+36°С-тан +35+43°С-қа дейін; Оңтүстік-шығыста түнде +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін, күндіз +25+36°С-тан +33+40°С-қа дейін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow