Шымкентте 8 жастағы баланың асқазанынан ірі көлемде шаш алынды

Ақпан 23, 2026 - 13:20
 0  2
Шымкентте 8 жастағы баланың асқазанынан ірі көлемде шаш алынды
Фото: Шымкент қ. Денсаулық сақтау басқармасы

Шымкентте 8 жастағы баланың асқазанынан ірі көлемде шаш алынды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қалалық балалар клиникалық ауруханасы қабылдау бөліміне 8 жасар бала 7 тәулік бойы ішінің ауруына, тәбетінің болмауына және құсу белгілеріне шағымданып түскен. Әжесінің айтуынша, бала соңғы күндері тамақтан бас тартқан. 

Дәрігерлер тексеру барысында іш қуысын пальпациялау кезінде асқазан тұсынан бөгде түзілісті анықтаған. Жүргізілген инструменталды зерттеулер нәтижесінде асқазанда бөгде дененің бары белгілі болған.

«Бала шұғыл түрде отаға алынып, хирургиялық араласу барысында асқазаннан ірі көлемді шаш жиынтығы алынды. Мұндай жағдай медицинада трихобезоар деп аталады. Бұл – асқазанда жиналған шаш массасы. Аталған сырқат салыстырмалы түрде сирек кездеседі және көбіне балаларда, жасөспірімдерде, сондай-ақ 30 жасқа дейінгі жас әйелдер арасында байқалады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты, медициналық бақылауда», – деп хабарлады Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0