Шымкентте граната жарылып, екі курсант жарақат алды

Қараша 27, 2024 - 10:29
 0  42
Шымкентте граната жарылып, екі курсант жарақат алды

Шымкентте оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, бірнеше курсант жарақат алды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында полицейлер оқу-жаттығу өткізіп жатқаны, оның барысында "күтпеген жерден шулы граната лақтырғаны" туралы ақпарат пайда болған. Бес адамның жараланғаны хабарланған еді.

"Бұл факті жоспарлы оқу-жаттығу шаралары кезінде орын алған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар екі курсанттың әлі ауруханада жатқаны белгілі болды.

"Қазіргі уақытта екі курсант медициналық мекемеде емделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты", – делінген хабарламада.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0