«Шын жүрегіммен алғыс»: Қырғыз журналисі қазақ дептутаты сыйлаған көлігін көрсетті

Қыркүйек 18, 2026 - 16:41
chat_bubble  0 visibility  7
«Шын жүрегіммен алғыс»: Қырғыз журналисі қазақ дептутаты сыйлаған көлігін көрсетті
Коллаж: ozgeris.info

Қырғызстанда өткен Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын жүргізген блогер Айзада Жамгырчиева қазақстандық депутат Айдарбек Қожаназаров сыйға тартқан көлігін көрсетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұған дейін Көкпар федерациясының президенті әрі Құрылтай депутаты Айдарбек Қожаназаров Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасын ерекше ықыласпен таныстырған қырғызстандық жүргізушіге көлік сыйлаған болатын.

Депутаттың бұл қадамы қоғамда қызу талқыланып, сынға да ұшыраған еді.

Ал Айзада Жамгырчиева әлеуметтік желідегі миллиондаған оқырманына жүгініп, қазақ халқына алғысын білдірді. Ол сыйлықты екі ел арасындағы достықтың белгісі ретінде қабылдайтынын айтты.

«Кейде бір сыйлықтың артында мың сөзге татитын мән жатады. Қазақ халқы, уәдеде тұрып, көрсеткен сый-құрметтеріңіз үшін шын жүрегімнен алғыс айтамын! Қырғыз бен қазақты шекара бөліп тұрғанымен, жүрегімізді ештеңе бөле алмайды. Тарихымыз тамырлас, тіліміз үндес, көңіліміз бір. Қазақ еліне көп рахмет!», – деп жазды блогер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 1
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 1