Шұғыл! SCAT ұшағына найзағай түсті

Тамыз 26, 2024 - 17:04
 0  406
Шұғыл! SCAT ұшағына найзағай түсті
Фото: Pixabay.com

SCAT ұшағына найзағай түсті. Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Өткен демалыста SCAT әуе компаниясының ұшағына найзағай түсіп зақымданды. Қазіргі уақытта ұшақ кестеден шығарылды. Компанияның инженерлік қызметі бірнеше күнге созылатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты компания осы аптадағы 14 әуе рейсі кестесін өзгертуге мәжбүр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушылардан sms-ескертулерге мән беріп, рейстер кестесін мобильді қосымша арқылы немесе әуе компанияның ресми сайтынан (scat.kz) тексеруді сұрайды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0