«Сиыр еті кедейдің асы»: Тарихшы күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Шілде 2, 2025 - 17:25
«Сиыр еті кедейдің асы»: Тарихшы күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Танымал тарихшы Ахмет Тоқтабай Qalam.global.qaz жобасына сұхбат беріп, қазақ халқының өмір салты туралы күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.

    Ғалым өз ойын qalam.global.qaz жобасына берген сұхбатында айтқан.

    «19-ғасырдың соңында, 20-ғасырдың басында орыстар қазақ жерін зерттеген, экспедициялары көп жүрді. Сонда қазақтың байығанын, ауқаттанғанын мынадан көруге болады дейді.

    Ол бірінші қысқа, соғымға жылқы сояды, міндетті түрде. Содан кейін жай ат мінбей, жорға ат мінеді. Содан кейін көп қымыз ішеді, дейді. Осыдан қазақтың бай, ауқатты екені осы факторлардан байқалады, дейді.

    Сосын қазақ сиырды бұл кедейдің асы дейді екен. «Говядина пища бедных» дейді. Солай ашық жазған. Себебі қазақ сиырдың етін аса көп жемейді ғой. Бұрын жемеген. Енді Совет үкіметі келгеннен кейін бәрін жейтін болдық қой. Сол заманда аз жеген. Негізінен жылқы, қой жеген.

    Осы екі түлік. Сосын, әрине, түйе», — деп түсіндірді тарихшы.

    Сіздің реакцияңыз қандай?

    like

    dislike

    love

    funny

    angry

    sad

    wow