СІМ Ресеймен қақтығыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

Қазан 7, 2026 - 10:51
chat_bubble  0 visibility  1
СІМ Ресеймен қақтығыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару бойынша келіссөз жүргізіп жатыр
фото: видеодан скриншот

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қақтығыс жүріп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі бойынша жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды sadaq.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Министрліктің жедел желісіне азаматтардан өтініштер әлі де түсіп жатыр. Олардың әрқайсысы бойынша ақпарат тексеріледі.

— Тексеру аяқталғаннан кейін жасақталған тізім Ресей тарапына жолданады, — деп хабарлады ҚР СІМ.

Ведомство әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жариялаған Қазақстан азаматтарына қатысты қажетті шаралар қабылданып жатқанын да атап өтті. 

— Оларды елге қайтару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, — делінген министрлік хабарламасында.

ҚР СІМ бұл мәселе бойынша Ресей тарапымен түрлі деңгейде тұрақты байланыс орнатып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0