Сырдарияға батып кеткен екі азаматтың бірінің денесі табылды
Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен екі азаматтың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Екінші адамды іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Оқиға 22 тамызда Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі аумағында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, азаматтар шомылуға тыйым салынған аумақта суға түскен.
ТЖД мәліметінше, 2002 жылы туған азаматтың денесі оқиға болған жерден шамамен 6 шақырым қашықтан табылған.
Қазір 1998 жылы туған екінші азаматты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Құтқару операциясына Түркістан облысы мен Шымкент қаласының құтқарушылары, полиция қызметкерлері, марқұмдардың туыстары және "Сырдария–Түркістан" өңірлік табиғи паркінің мамандары қатысып жатыр.
Іздеу жұмыстарына 80-нен астам адам, арнайы техника, қайықтар мен дрондар жұмылдырылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0