Сот ЭКСПО ісі бойынша Ермегияевті босатудан бас тартты

Бүгін, 14 шілдеде Алатау қалалық соты «Астана ЭКСПО‑2017» ұлттық компаниясының экс‑басшысы Талғат Ермегияевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады. Судья қорғау тарабының дәлелдерін қабылдамай, өтінішті қанағаттандырмады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Қорғаушылар сот шешімін «саяси реңкі бар» деп бағалап, оған шағым түсіретінін мәлімдеді.
— Бұл шешім істің мән‑жайына сәйкес келмейді, әкімшілік берген материалдар мен қорғау тарабының дәлелдері ескерілмеді. Барлық заңды негіз бар еді, — деді адвокат Анар Кусаинова.
Айта кетейік, Ермегияев 2015 жылы 14 жылға сотталған. Қорғау тарапы оның кінәсіз екенін және сотталғаны күмәнді дәлелдерге негізделгенін айтып келеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






