Су тасқынына байланысты Астана халықаралық форумы өтпейтін болды

Президент шешім қабылдады.

Сәуір 13, 2024 - 16:14
app_badging Сәуір 13, 2024 - 16:16
chat_bubble  0 visibility  66
Су тасқынына байланысты Астана халықаралық форумы өтпейтін болды
фото: Midjourney

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді.

Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0