«Суретке түсейік»: Тоқаевтың жанынан кетіп қалған атақты диктор желі жұлдызына айналды

Маусым 25, 2025 - 14:44
«Суретке түсейік»: Тоқаевтың жанынан кетіп қалған атақты диктор желі жұлдызына айналды
фото: видеодан скриншот

Күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада журналистерді құттықтап, отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттаған еді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Марапат алғандардың арасында биыл 80 жасқа толған атақты диктор, Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова да бар. Тоқаев кеудесіне медаль тағып, гүл сыйлаған соң журналистердің бәрі президентпен суретке түсіп жатты.

Кезек Сауық Жақановаға келгенде диктор марапаты мен гүлін қабылдап, орнына қарай асыққан. Президент күліп, диктордың артынан «сурет түсейік» деп қол бұлғады. Оны да естімеген Сауық Жақанова орындығына жақындап қалғанда әріптестері «президентпен суретке түсу керек» дегендей ишара танытқан. Сонда ғана өзінің Тоқаевпен суретке түсуді ұмытып кеткенін түсінген ол ыңғайсыздық танытып, қайтадан президенттің жанына барды.

Қазақстан мен Қасым-Жомарт Тоқаев туралы эксклюзив бейнематериалдар ұсынатын президенттің телерадиокешені Ақордада болған осы сәттің видеосын әлеуметтік желіге жүктеген.

Қазір Сауық Жақанованың бұл видеосы 130 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген. Видеоның астындағы комментарийлер аты аңызға айналған Сауық Жақанованың шынайы әрекетіне тамсанып, оған ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow