«Табысым артты»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен бірге жүруінің себебін айтты

Маусым 28, 2026 - 14:05
chat_bubble  0 visibility  0
«Табысым артты»:  Олжас Абай Дариға Бадықовамен бірге жүруінің себебін айтты
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал актер Олжас Абай әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықовамен арадағы қарым-қатынасы тек ақшаға байланысты деген пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Актердің айтуынша, мұндай әңгімелер шындыққа жанаспайды. Ол кино саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келе жатқанын және өз жетістігіне маңдай терімен жеткенін жеткізді.

«Кей адамдар біздің қарым-қатынасты ақшаға тіреп қояды. Бірақ мен кино саласында жүргеніме 16 жыл болды, иә рас менің танымымды берекеге айналдырып, өмірімнің одан әрі табысты болуына себеп болған Дариға… Біз соңғы төртінші жобамызды бірге түсіріп жүрміз. Еңбекпен келген табысым өзіме жеткілікті», – деді актер.

Сондай-ақ ол мұндай пікірлерді қабылдау оңай емес екенін айтып, адамның жетістігінің артында үлкен еңбек жататынын еске салды.

«Ақша үшін жүр деген сөзді есту мен үшін ыңғайсыз. Себебі байлық та, бақ та адамға жайдан-жай келмейді. Оның артында жылдар бойғы еңбек, тәуекел, тәртіп және талант тұрады. Адамның қалтасына емес, жүрегіне, мінезіне және еңбегіне қараған дұрыс», – деп жазды Олжас Абай.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0