Тағы бір оқу орны Назарбаевтың есімінен бас тартып жатыр

Шілде 9, 2025 - 10:51
Тағы бір оқу орны Назарбаевтың есімінен бас тартып жатыр

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университеті бұдан былай Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті болып аталады. Бұл туралы үкіметтің ресми қаулысына енгізілген.  Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жұрт талқысына шығарылды, деп хабарлады sadaq.kz.

Құжат 2025 жылдың 18 шілдесіне дейін қоғамдық талқылауда болады. 

Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстан Қарулы күштері мен басқа да арнайы мем.құрылымдар үшін офицерлік құрамды даярлайтын жоғары әскери оқу орны болып саналады.

Университет 2003 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылып, 2018 жылы Әбішұлының есімі берілген еді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарында университет аумағынан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталған. Қорғаныс министрлігі ескерткішті алып тастау шешімін университет атауының өзгеруімен түсіндірген.

Ескерткіш Астанадағы Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына жіберіледі делінген. Бірақ кейіннен ескерткіштің мұражай емес, қоймада қирап жатқан фотосы тараған еді.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow