Тағы да өрт: Павлодар тұрғыны отбасын құтқарамын деп өзі ажал құшты

Қазан 9, 2025 - 17:12
Тағы да өрт: Павлодар тұрғыны отбасын құтқарамын деп өзі ажал құшты
Фото: Pixabay.com

Өкінішке қарай, бейсенбінің таңы өңір жұртшылығы үшін қаралы хабарлармен атты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұған дейін Павлодар облысындағы шаруа қожалығы отқа оранып, алты адам қаза тапқанын хабарлаған едік. Енді Тереңкөл ауданында қайғылы жайт орын алғаны белгілі болды. Бүгін таңертең төтенше жағдайлар қызметіне аудан орталығындағы баспаналардың бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ағаш шатыр құрылымдары отқа оранған болды. 

Оқыс оқиға орнынан 1982 жылғы ер адам ес-түссіз күйде шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Ол өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін әйелі мен үш баласын терезеден шығарып үлгерген екен. Өкінішке қарай, өзі ауруханада көз жұмды. 

Ал мамандар 100 шаршы метр аумақтағы өртті ауыздықтап, толығымен сөндірді. Оқыс оқиғаның себептері анықталуда. 
 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow