Таиландта жоғалған қазақстандық рэпер табылды

Маусым 22, 2026 - 10:35
 0  14
Таиландта жоғалған қазақстандық рэпер табылды
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық режиссер Парасат Ибраев Таиландта жоғалып кетті делінген рэпер Кисло-Сладкий (шын есімі – Дархан Жұмабек) аман-есен табылғанын және оның жағдайы жақсы екенін айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Режиссер Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады.

"Дархан аман-есен табылды! Осы күндері алаңдап, іздеп, ақпарат таратып, қолдау көрсеткен барша жанға алғысымыз шексіз", - делінген жазбада.

Telegram-дағы SHOT арнасының хабарлауынша, әртіс Пхукеттегі ауруханалардың бірінен табылған. Отбасының айтуынша, ол ешқандай ауыр жарақат алмаған.

Айта кетейік, жақында қазақстандық режиссер Парасат Ибраев әлеуметтік желіде танымал рэпер Кисло-Сладкийдің Таиландта жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Соған байланысты ол миграциялық полицияға жүгінген.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0