Талғарда кәсіпкерді пышақтап өлтірді

Тамыз 26, 2026 - 17:09
chat_bubble  0 visibility  6
Талғарда кәсіпкерді пышақтап өлтірді
Фото: Pixabay

Алматы облысында екі адам арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде Талғарда нан сататын орынның иесін 13 рет пышақтап өлтірді деген ақпарат тарады.

Алматы облысының полиция департаменті адам өлтіру дерегін растағанымен, 13 рет пышақ сұғылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Полиция таратқан мәліметінше, қазір кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

— Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 56 жастағы күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ол өз кінәсін толық мойындады. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жәбірленуші мен күдікті арасында келіспеушілік туындаған. Салдарынан күдікті ер адамға екі рет пышақ сұғып алған. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған, — деп хабарлады департаменттен.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.




Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0