Тамара Асар мен Аша Матай Құрылтай депутаты атана алмайды

Тамыз 24, 2026 - 16:12
app_badging Тамыз 24, 2026 - 16:13
chat_bubble  0 visibility  9
Тамара Асар мен Аша Матай Құрылтай депутаты атана алмайды
Фото: Видеодан скрин

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ресми мәлімет бойынша, сайлаушылар тізіміне енгізілген 12,6 миллионнан астам азаматтың 9,3 миллионы дауыс беруге қатысқан. Бұл жалпы сайлаушылардың 74,08 пайызына тең.

Алдын ала нәтиже бойынша партиялардың жинаған дауыстары төмендегідей:

  • «Әділет» партиясы — 6 528 948 дауыс (71,17%);
  • «Ауыл» партиясы — 574 621 дауыс (6,26%);
  • «Respublica» партиясы — 509 631 дауыс (5,56%);
  • «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы — 478 083 дауыс (5,21%);
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 469 058 дауыс (5,11%);
  • Қазақстан Халық партиясы — 285 395 дауыс (3,11%);
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 97 751 дауыс (1,07%);
  • «Бәріне қарсы» — 2,51%.

Сайлау заңнамасына сәйкес, Құрылтайдағы мандаттарды бөлуге сайлаушылардың кемінде 5 пайыз дауысын жинаған партиялар қатыса алады.

Осылайша, 3,11 пайыз дауыс алған Қазақстан Халық партиясы белгіленген шектік межеден өте алмады.

Айта кетейік, партияның сайлау тізімінде танымал тележүргізуші Аша Матай мен әнші Тамара Асар да болған. Алайда ҚХП қажетті 5 пайыздық межеге жете алмағандықтан, партия атынан ұсынылған кандидаттарға бұл жолы Құрылтай депутаты атану мүмкін болмады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0