Таразда жүкті әйел перзентханада өз-өзіне қол жұмсап көз жұмды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар аталған фактіні растады.

Сәуір 16, 2024 - 09:22
Сәуір 16, 2024 - 09:23
Таразда жүкті әйел перзентханада өз-өзіне қол жұмсап көз жұмды
Фото: Pixabay.com

Жамбыл облысында 33 жастағы жүкті келіншек перзентханада қайтыс болды. Сарысу ауданының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды  Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар аталған фактіні растады. Оқиға 10 сәуір күні Тараз қаласындағы облыстық перинаталдық орталығында болған. 

Келіншек жалған толғақ диагнозымен перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болған. Аяғы ауыр әйелде  психологиялық ауытқулар байқалмаған.

"Аталған фактіге байланысты құқық қорғау органдары өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады", – делінген басқарма мәліметінде.

Полиция департаментіндегілер аталған факті бойынша кешенді сараптама тағайындалғанын, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. 

Марқұм келіншек жүктіліктің 16-шы аптасында болған. Оның артында жолдасы және 3 баласы қалды. Балаларының үлкені 6-да, екеуі балабақша жасында. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow