Тарихи сәт: Александр Бублик әлемнің 10-ракеткасы атанды

Қаңтар 12, 2026 - 13:38
 0  18
Тарихи сәт: Александр Бублик әлемнің 10-ракеткасы атанды
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгтағы (ATP 250) турнирдің финалында италиялық Лоренцо Музеттиді жеңіп (7:6, 6:3), мансабында алғаш рет ATP рейтингіндегі үздік ондыққа (Top 10) енді, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл – Қазақстандағы ерлер теннисі тарихында бұрын-сонды болмаған рекордтық көрсеткіш.

Жеңістен кейін Александр ATP Tour-ға берген сұхбатында эмоциясын жасырмады:

«Осы маусымға қойған жалғыз мақсатым — Топ-10-ға кіру еді. Алғашқы аптада-ақ титул иеленіп, бұл белесті бағындырғаныма әлі де сене алар емеспін. Егер маған өткен жылдың сәуірінде, рейтингте 82-орында тұрған кезімде: "Сен әлемнің оныншы ракеткасы боласың" десе, ешқашан сенбес едім. Бірақ бұл — үлкен мәртебе».

https://www.melbournepark.com.au/news/australian-open-2026-your-ultimate-guide/

Маңызды ақпарат: Жылдың алғашқы «Үлкен Дулыға» турнирі — Australian Open 18 қаңтар күні басталады. Александр Бублик Мельбурн корттарына алғаш рет әлемнің 10-ракеткасы және турнир фавориттерінің бірі ретінде шығады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0