Тарихи жетістік: Қазақстан дзюдодан аралас командалық сында әлем чемпионы атанды

Тамыз 24, 2026 - 08:09
 0  20
Тарихи жетістік: Қазақстан дзюдодан аралас командалық сында әлем чемпионы атанды
Фото: ДФ

Қазақстан құрамасы дзюдодан Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас-командалық жарысында жеңімпаз атанып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Финалда Қазақстан құрамасы Бразилияның спортшылармен кездесті. Негізгі белдесулер 3:3 есебімен тең аяқталған соң, жеңімпазды анықтау үшін қосымша белдесудің жеребесі тартылды.

Жеребе бойынша -48 кг салмақ дәрежесі түсіп, шешуші кездесуде Иянат Жұбатқан Қазақстанға чемпиондық атақты сыйлады. Финалда Қазақстан сапында Расулхан Ғабит (-60 кг), Інжу Жұмажан (-63 кг), Бекали Еркен (-81 кг), Тоғжан Төлебай (+63 кг), Әділжан Жаудинов (+81 кг) және Иянат Жұбатқан (-48 кг) күресті.

Қазақстан құрамасы жарыс жолын Болгарияны 4:1 есебімен жеңуден бастады. Ширек финалда Жапония құрамасын 4:2 есебімен, ал жартылай финалда Өзбекстан спортшыларын 4:2 есебімен жеңді.

Бұл — Қазақстан дзюдосы тарихындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық сынында қол жеткізілген алғашқы чемпиондық атақ.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0