«Телефоны мен алтындарын сатып жіберді»: Мадинаның құрбысы марқұмның күйеуі туралы айтты
Жамбыл облысы Меркі ауданында көз жұмған Мадина Рашидқызының құрбысы Зейнеп марқұмның күйеуі Мадиярға қатысты бірқатар мәлімет айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол бұл туралы CMN.KZ порталына берген сұқбатында айтты.Зейнептің сөзінше, Мадияр Мадинаның анасынан 700 мың теңге қарыз алған. Сондай-ақ ол марқұмның соңғы үлгідегі телефоны мен алтын әшекейлерін сатып, ақшасын өз қалтасына басқан.
«Беташары болды. Мадияр оның анасынан қарызға 700 мың теңге алған. Тіпті анасында барлық чек сақтаулы. Сонымен қатар Мадинада iPhone 17 Pro Max болған. Мадияр оны сатып, ақшасын өзіне алып қойды. Мадинаның алтын әшекейлері де бар еді, ол соның бәрін сатып, ақшасын өзіне алды. Бұны маған Мадинаның өзі айтқан болатын», — деді Зейнеп.
Құрбысының айтуынша, Мадина тұрмысқа шыққаннан кейін де анасының қаржылай көмегіне тәуелді болған. Оның сөзінше, Мадияр тұрақты жұмыс істемей, әйелінің қаражатына өмір сүрген.
«Мадияр жұмыс істемейді, тек әйелінің ақшасына өмір сүрді. Сонымен қатар, Мадина ауырғанда, ол дәрі-дәрмекке де ақша бермейтін. Ақшаны үнемі анасы жіберетін, оның өзінде біреулер арқылы салып жіберетін еді, өйткені Мадинаның Kaspi шоты бұғаттаулы болатын. Тұрмысқа шықты деген аты болмаса, оны толықтай анасы қамтамасыз етіп отырған», — деді Мадинаның құрбысы.
Зейнеп бұл мәліметтерді Мадинаның өзінен естігенін атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0