Теміртау тұрғындары қақаған аязда жылусыз қалды

Қаңтар 14, 2026 - 14:30
 0  1
Теміртау тұрғындары қақаған аязда жылусыз қалды
Фото: freepik.com

Теміртау қаласында бірнеше шағынаудан тұрғындары ең суық кезеңде жылу мен ыстық сусыз қалды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұған 1970-жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпеген ескі жылу магистралінің бір бөлігінің зақымдануы себеп болған. Салдарынан 8-шағынаудан мен «Отрадное» ауданындағы тұрғын үйлер, бизнес нысандары және әлеуметтік сала объектілері жылусыз қалған.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар жылудың дәл күннің күрт суыған сәтінде өшірілгенін айтып, наразылық білдіруде.

Қала әкімі Ғалым Әшімов жағдайға қатысты Instagram парақшасында түсініктеме берді. Зақымданған аумақ анықталды, мамандар қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.

«Авариялық-қалпына келтіру бригадалары үздіксіз жұмыс істеп жатыр, барлық қажетті күш пен техника жұмылдырылды», – деп жазды ол. 

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қала әкімдігі жылу мен ыстық су беруді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіруге уәде берді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0