Теміртауда 18 жастағы жігітті автобуста пышақтап тастаған

Желтоқсан 28, 2025 - 16:03
 0  1
Теміртауда 18 жастағы жігітті автобуста пышақтап тастаған
Фото: видеодан кадр

Автобуста дау шығып, салдарынан 18 жастағы жігіт аяғынан жарақат алды. Куәгерлер әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жантүршігерлік жағдай №107 автобуста болған. 18 жастағы жігіт терезе ашпақ болған. Басқа жолаушығабұл ұнамай, ұрыс-керіс төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде бір жолаушы екіншінің аяғына пышақ тығып алды.

Жарақат алған адамның аяғынан қан ағып, автобустың іші қан-жоса болды. Жүргізуші автобусты тоқтатып, оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылды. Фельдшерлер келгенге дейін жолаушылар жігіттің аяғын орамалмен байлаған. Жедел жәрдем бригадасы келіп алғашқы көмек көрсетті.

Келген полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облысының полициясы оқиғаның объективті және жан-жақты тергеліп жатқанын мәлімдеді. Ведомство тергеу полиция департаментінің бақылауында болады деп сендірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0