«Тентек кәде»: Оралда той кезінде құдалар төбелесіп қалды (ВИДЕО)

Тамыз 25, 2026 - 16:09
 0  27
«Тентек кәде»: Оралда той кезінде құдалар төбелесіп қалды (ВИДЕО)
Фото: Видодан скрин

Орал қаласында үйлену тойы кезінде жасалатын «тентек кәде» жоралғысы төбелеске ұласты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, күйеу жігіттің туыстарымен бірге келген құдалардың бірі әзілге ашуланып, ер адамға қол көтерген. Оқиға той үстінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, дәстүрлі жоралғы кезінде айтылған әзіл екі ер адамның арасында сөзге келіспеушілік туып, төбелес басталған.

Жәбірленуші медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл салдарынан оның бірнеше тісі сынып, қабырғалары зақымданған. Ол ауруханаға жеткізілген.

«Тентек кәде» – Батыс Қазақстан өңірінде құдаларды жақындастырып, тойдың сәнін келтіру үшін жасалатын әзілге негізделген дәстүр. Жоралғы барысында құдалардың бірі түрлі қалжыңға ілініп, сыналуы мүмкін.

Алайда бұл жолы әзілдің арты түсініспеушілікке ұласқан. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы әзірге белгісіз. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0