Тимур Құлыбаевтың мұнай-газ бизнесіндегі компаниясы миллиардтаған шығынға ұшырады

Тамыз 15, 2025 - 17:58
Тимур Құлыбаевтың мұнай-газ бизнесіндегі компаниясы миллиардтаған шығынға ұшырады
Фото: mail.kz

2025 жылдың алғашқы алты айында «Кристалл менеджмент» компаниясының қаржылық нәтижесі минусқа кетті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Есеп бойынша, ұйымның шығыны 1,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп (2024 ж. — шамамен 894 млн теңге).

Дегенмен, табыс көлемі артқан: биылғы жартыжылдықта компания 7,6 млрд теңге кіріс тапқан (бір жыл бұрын — 5,3 млрд теңге). Активтерінің жалпы құны 60 млрд теңгеге бағалануда.

Компания көмірсутектерді барлау құқығына ие және бұл жұмыстарды Ұлытау, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында жүргізеді.

Бақылау үлесінің 51%-ы Joint Resources арқылы белгілі кәсіпкер Тимур Құлыбаевқа тиесілі. Forbes дерегіне сәйкес, оның жеке капиталы шамамен 5,8 млрд долларды құрайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow