Тоқаев ел халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Домбыра төрден түспесін!

Шілде 7, 2024 - 10:20
Шілде 7, 2024 - 13:25
 0  34
Тоқаев ел халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Фото: liter.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін!", - деп жазды Мемлекет басшысы. 

Жыл сайын 7-шілдеде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін тойлайды. 

Ұлттық домбыра күні 2018 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Мереке ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту мақсатында бекітілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0