Тоқаев Алакөл маңындағы демалыс орындарын ретке келтіруді тапсырды

Шілде 10, 2025 - 15:32
Шілде 10, 2025 - 15:55
Тоқаев Алакөл маңындағы демалыс орындарын ретке келтіруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл маңындағы туристік аймақтардың жағдайын дұрыстауды тапсырды.

Тоқаев Алакөл маңындағы туристік аймаққа қатысты халықтан келіп түскен көптеген шағымға мән берді. Ол демалушыларды қарсы алуға дайындық төмен екенін айтып, үкіметке тапсырма берді

Президенттің сөзінше, қажет туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайық деңгейде қамтамасыз етілмеген.

Ол үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Еске салсақ, Алакөл жағасында демалушылар қауіпсіздік мәселесін айтып, дабыл қаққан еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow