Тоқаев Астанада көз жұмған фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Қараша 18, 2025 - 20:13
Тоқаев Астанада көз жұмған фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
фото: әлеуметтік желіден

Тоқаев Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлаған кезде зардап шеккендерге көмек көрсетуге келіп, өзі алған жарақаттан көз жұмған фельдшерді "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, фельдшер Астанада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптама мен кондиционер қондырғысының құлауы салдарынан ауыр жарақат алған. 8 қарашадан бері пациент реанимация бөлімінде өте ауыр жағдайда болып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Бірақ алған жарақаты тым ауыр болып, науқас бүгін қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow