Тоқаев ел халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, - деп хабарлады sadaq.kz.
"Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. "Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі.
Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді.
Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов "Қазақстанның Еңбек Ері", Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова "Қазақстанның халық әртісі" атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.
Елімізде 2018 жылдан бері шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде аталып келеді.
Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. — Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) July 4, 2025
Сіздің реакцияңыз қандай?






