«Тоқаев құттықтады»: Жәнібек Әлімханұлы франциялық қарсыласын нокаутпен жеңді

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабындағы 17-ші рет жеңіске жетіп, қос чемпиондық белдігін сәтті қорғап қалды.

Сәуір 6, 2025 - 09:30
Сәуір 6, 2025 - 10:31
«Тоқаев құттықтады»: Жәнібек Әлімханұлы франциялық қарсыласын нокаутпен жеңді

Астанада өткен "Battle of the Brave" бокс кешінде орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) қарсыласын нокаутпен жеңді. 

12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте Әлімханұлы Франция боксшысы Анауэль Нгамиссингемен (14-0, 9 КО) жұдырық түйістірді.

Алғашқы раундта Жәнібек  қарсыласына тура соққы бағыттап, нокдаунға түсірді. Бұдан кейін де шабуыл үдеткен Әлімханұлы бесінші раундта франциялық боксшыны нокаутқа жіберді. 

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабында 17-ші рет жеңіске жетіп, қос чемпиондық белдігін сәтті қорғады.

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

“Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті. Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді”, – делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow