Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады

Шілде 6, 2025 - 12:31
 0  61
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Sadaq.kz.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.

Cондай-ақ мемлекет басшысы Тұңғыш президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0